Кекстер мен піспенандар, тоқаштар мен қаттамалар – әр күн сайын өзіңізді және жақындарыңызды еркелеткіңіз келетін, сонымен бірге денсаулығыңыз бен сымбатыңызға зиян келтірмейтін хош иісті және дәмді кондитерлік өнімдердің керемет алуандығы.
CESNA балама ұнының жаңа желісі пайдалы, әрі қыпша беліңді сақтауға көмектеседі!
Онымен кез-келген аспаздық тәжірибе мүмкіндігінше пайдалы ғана емес, сонымен бірге керемет дәмді болады!
Бұршақ ұны
Бұл бұршақ дәндерін ұнтақтау арқылы алынған өнім.
Бұл бидай ұнының пайдалы баламасы және оны жалғыз немесе ұнның басқа түрлерімен біріктіріп пайдалануға болады.
Бұршақ ұны дәрумендер мен минералдардың жақсы спектріне ие, соның арқасында ол келесі оң әсерлерді тудырады:
- зат алмасу процестерін қалыпқа келтіру;
- жүйке жүйесіне пайдалы әсері;
- холестерин деңгейін төмендету арқылы жүректі қорғау;
- иммунитетті нығайту;
- құрамындағы талшықтың жоғары болуына байланысты ішек жұмысын жақсарту;
- құрамында темірдің тәуліктік нормасы 40%-дан астам болуына байланысты анемияның алдын алу.
Сонымен қатар, өнім жақсы және ұзақ уақыт қанықтырады, ал оның құрамында калория мен көмірсулар аз, бірақ ақуыз мөлшері жоғары!
Ұн негізінен пайдалы нан, шелпектер, піспенандар пісіру үшін қолданылады. Одан бөлек, ұнды көкөніс котлеттерін, тұздықтарды және сұйық қамырды дайындауда қолданады.
Қарақұмық ұны
Қарақұмық ұны – қарақұмық дәндерін ұнтақтау арқылы алынған өнім. Ол қоңыр-сарғыш, ашық қоңыр немесе қоңыр түсті болады, жаңа піскен жаңғақ иісі мен сәл ащы дәмі бар. Ұнның құрамында дәнмаңызы болмағандықтан, оны пісіру кезінде құрамында бар кез-келген ұнмен біріктіреді. Бірақ, десерттерді дайындаған кезде қосымша сусымалы ингредиенттерді қосудың қажеті жоқ.
Бұл өнім құрамында күрделі баяу көмірсулардың және 15-тен астам ауыстырылатын және ауыстырылмайтын аминқышқылдарының болуына байланысты пайдалы тағамға жатады.
Мұның бәрі ағзаға пайдалы әсер етеді:
- қанның ұюын төмендетеді;
- қан қысымын қалыпқа келтіреді;
- антиоксиданттық әрекетке ие;
- сүйек пен шеміршек жүйесін нығайтады және т.б.
Қарақұмық ұнынан пісірілген нандар салмақ қосуды тудырмаудан бөлек, сонымен қатар дене салмағын бір деңгейде ұстауға көмектеседі!
Қарақұмық ұнын десерттер, пірәндіктер және нанды, кеспелерді және котлеттерді және т.б. дайындауда пайдаланады.
Зығыр ұны
Зығыр ұны – зығыр тұқымының майы сығылғаннан кейін ұнтақ етіп өңдеу нәтижесінде алынатын табиғи өнім.
Ұн майсыз өнім бола отырып, зығыр тұқымының барлық пайдалы қасиеттерін сақтайды.
Зығыр ұнының қолдану аясы өте кең:
- тамақ дайындауда;
- емдеу құралы ретінде;
- аурулардың алдын алу үшін;
- салмақты түсіру үшін;
- ағзаны тазарту үшін;
- косметологияда.
Зығыр тұқымының ұны әйелдерге де, ерлерге де пайдалы, ол ағзаны қажетті дәрумендермен, микро және макро элементтермен қанықтырады, шлактар мен токсиндерді шығарады!
Аспаздықта зығыр ұны дәстүрлі ұнға балама ретінде пайдаланылады, ол суды жақсы сақтайды, бұл дайын өнімнің балғындығын ұзартады.
Күріш ұны
Ұн күріш дәндерінен дайындалады.
Диеталық және емдік рационда пайдалы балама ретінде қолданылады.
Күріш ұны – өз құрамында ағзаның жұмыс істеуі үшін қажетті барлық 8 алмастырылмайтын аминқышқылдарына ие аз ғана өсімдік өнімдерінің бірі.
Сонымен қатар, күріш ұны талшыққа бай, бұл ішек жұмысы үшін өте маңызды, қант пен холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Күріш ұны-бұл керемет қоюландырғыш, сондықтан оны әр түрлі пісірілген нандар үшін ғана емес, сонымен қатар қою тұздықтар, кілегей сорпалары және т.б. жасау үшін де қолдануға болады. Күріш ұны сонымен қатар балық пен ет үшін қытырлақ нанның рөлін атқарады.
Жүгері ұны
Жүгері ұны – сары жүгері дәнінің ерекше сортынан алынған сусымалы өнім.
Осының арқасында ұнның адам ағзасына пайдалы қасиеттері өте көп - минералдарға, крахмалға, дәрумендерге, аминқышқылдарына бай.
Бұл өнімнің ішектерді және тіпті адам қанын токсиндерден және зиянды холестериннен тазартуға қабілетті екені белгілі. Жүгері ұнынан дайындалған өнімдер төмен калориялы болып саналады, сондықтан олар тез сіңіріледі және зат алмасуды оңтайландырады.
Жүгері ұнының негізгі пайдалы қаисеттері:
- жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады;
- қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді;
- тері жағдайын жақсартады;
- ас қорыту жолдарының жұмысын қалыпқа келтіреді және т.б.
Жүгері ұнынан пісірілген нандар тұрақты және әдеттен тыс хош иіске, сондай-ақ қанық сары реңкке ие.
Жүгері ұнынан екінші тағамдарды да, десерттерді де, сусындарды да дайындауға болады!
Қара бидай ұны
Қара бидай ұны – пайдалы және дәмді өнім. Ол маңызды биологиялық белсенді құрамдастарына бай.
Қара бидай ұнының құрамына көптеген пайдалы қоректік заттар кіреді, ол әсіресе В тобының дәрумендері мен әртүрлі минералдармен құнды.
Қара бидай ұнының құрамындағы талшықтың жоғарылығын атап өту маңызды.
Сондай-ақ, қара бидай ұнынан пісірілген нандар құрамында біздің ағзамыз өздігінен өндірмейтін барлық маңызды аминқышқылдарының толық тізімі бар екенін айта кету керек.
Қара бидай ұнынан жасалған негізгі тағам – бұл әрине, нан.
Дегенмен, ұнның басқа түрін қоссаңыз, әртүрлі бәліштер, құймақ, пірәндіктер, піспенандар пісіруге болады.
Тұтас дәнді ұн
Тұтас дәнді ұн – тазартылмаған дәнді бір рет ұнтақтау арқылы алынатын тағам өнімі.
Бұл дәннің ірі бөлшектерінен тұратын ұн. Сонымен қатар, тұтас дәндер анағұрлым пайдалы өнім болып табылады, өйткені олардың құрамына ас қорытудың жақсы жұмыс жасауы үшін қажетті талшықты қамтитын қабығы бар толығымен ұнтақталған дәндер кіреді.
Түсі қардай ақ емес, сұр немесе қоңыр реңктері бар күңгірт, бірақ дайындағаннан кейін ірі тартылған ұннан жасалған өнімдер тәбетті ашатын және қанық сары түске ие болады.
Тұтас дәнді ұн негізінде немесе оны қосу арқылы дайындалған пісірілген нандарды пайдалану жалпы ағзаның жұмысына оң әсер етеді:
- артериялық қысым төмендейді;
- ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады;
- терінің күйін жақсартады;
- сүйектер нығаяды және т.б.
Ол нан, үлкен дөңгелек нандар, пиццаның қамырын, сондай-ақ пірәндіктер мен басқа да нан пісіру үшін қолданылады.